Кәсіпорын туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(бұдан әрі – «Алмас» РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету және ақпаратты қорғау саласында мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін мамандандырылған баспаханада өте құпия және құпия құжаттарды, кітаптарды, нұсқаулықтарды, брошюраларды, бюллетеньдерді, журналдарды және «қызмет бабында пайдалану үшін»деген белгісі бар басқа да басылымдарды (арнайы баспа өнімін) және таратылуы шектелген баспа өнімін дайындау болып табылады.
Республикалық меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысымен «Алмас» РМҚК жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажет емес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесіне енгізілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №791 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Кеңсесі «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
ҚР ҰҚК Алмас «РМК:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті берген 30.07.12 жылғы № 038 АТ мемлекеттік лицензиясы;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен 18.01.12 жылғы № 000870 мемлекеттік лицензия;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға берген 31.10.2013 жылғы № 119/33/450 рұқсат;
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі пошталық байланыс қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысуға берген 27.01.2005 жылғы №000784 АБА мемлекеттік лицензиясы.
Алмас » РМК көрсететін қызметтер тізімі»:
мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтер көрсету (оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді құру);
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және қызметтер көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарын алу үшін ұйымдарға арнайы сараптамалар және олардың басшыларын аттестаттаудан өткізу;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың техникалық құралдарын, бақылаудың, қорғалудың бағдарламалық құралдарын әзірлеу, дайындау, сақтау, өткізу